Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Ахатов Нұржан Сәбитұлы тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ахатов Нұржан Сәбитұлы 1978 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Жоғары білімді. 1999 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "Юриспруденция" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысының статистика жөніндегі есептеу орталығының жабдықтаушы маманы қызметінен бастаған.
2022 жылдың 15 шілдесінде Шиелі ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу