Қызылорда қаласында "Ақылды аялдама" жобасы іске асырылмақ

967

Қызылорда қаласында "Ақылды аялдама" жобасы іске асырылмақ

Биыл Қызылорда қаласында "Ақылды аялдама" жобасы іске асырылмақ. Нәтижесінде, қоғамдық көлікпен жүретін қала тұрғындары автобустардың қашан келетінін смартфондағы мобильді қосымша арқылы біліп отырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қызылордалықтар өздерінің смартфондағы қосымшалары арқылы автобустың қашан келетіні туралы мәлімет ала алады. Сонымен қатар, жолақыны қолма-қолсыз төлем жүйесі арқылы төлеуге мүмкіндік жасамақпыз. Әлемде төлемдер карточкамен емес, телефон арқылы төленеді. Осындай функцияны іске асыруға жұмыс жасап жатырмыз",-деді Евгений Ким.

Биыл денсаулық саласы аясында "Емделушінің электронды төлқұжаты" жобасын іске асыру да қолға алынбақ.

"Емделушінің төлқұжаты арқылы оның бойында анықталған сырқаттарды білуге болады. Сондай-ақ, пациент дәрігерге қай уақытта жазылғысы келетінін де нақтылай алады. Сонымен қатар, керек дәріні кез-келген дәріханадан онлайн режимде көруге мүмкіндік болмақ. Ал, білім саласына енгізілетін "Электронды журнал" жобасы бойынша оқу материалдарымен таныса алады, онлайн түрінде білім алады және шалғайдағы білім ұялары цифрлы жүйемен қамтамасыз етіледі", - деді облыс әкімінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу