Қызылорда қаласында 143 отбасы баспаналы болды

941

Қызылорда қаласында 143 отбасы баспаналы болды

Қызылордада 143 отбасына пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Наурыз айының басында облыс көлемінде орналасқан жатақханалардың жағдайын зерттеу үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Аталған комиссия Қызылорда қаласында орналасқан 22 жатақхананың жай-күйін зерттеу барысында Титов қыстағындағы №32 жатақхана ғимаратын апатты деп таныған. Осыған сәйкес, бұл жатақхананың тұрғындарын жаңа баспанамен қамту мақсатында шұғыл шаралар қабылданды.

Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа тұрғынауданнан 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, басындағы жалғыз баспанасы апатты ден танылған 143 отбасына пәтер кілті  табысталды.

Жаңа баспана иелерін құттықтау үшін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты шараға арнайы қатысып, өз қолдарымен пәтер кілтін үлестірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу