Әлеуметтік желі беттерінде оқиғаның 7 мамырда сағат 19.45-те болғаны, одан 3 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алғаны айтылды.
"Қызылорда қаласында болған атыс оқиғасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірынғай тізіліміне ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен тіркелді. Ол бойынша тиicтi сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді", - деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық полицейлер 74,5 млн теңгені ұрлап кеткен қылмыскерді қолға түсірді.