Қызылорда қаласында инватакси қызметі тиісті міндетін атқармаған

92

Қалалық прокуратураның көмегімен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары қорғалды.  

Қызылорда қаласында инватакси қызметі тиісті міндетін атқармаған Фото: gov.kz

Тексерістен соң инватаксимен тасымалдау уақытына белгіленген шектеулер алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидасының талаптарына сәйкес, тәулік ішінде күндізгі және түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері инватакси қызметін пайдалануға құқылы.

Дегенмен инватакси қызметі тек дүйсенбі-жұма күндері сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері жекелеген әлеуметтік нысандарға ғана азаматтарды тасымалдаған. 

Қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен келісімшарттарға өзгерістер енгізіліп, инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі қағида талаптарына сәйкестендірілді. Осылай тасымалдау уақытына белгіленген шектеулер алынып тасталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу