Қызылорда қаласында қоғамдық көліктер жаңарады

470

Биыл Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктердің 70-80%-ы жаңарады.  

Қызылорда қаласында қоғамдық көліктер жаңарады Фото: egemen.kz

Осы мақсатта облыс орталығына 200 су жаңа автобус жеткізілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Өткен жылы ғана қоғамдық көлік паркі 100 темір тұлпармен толыққан еді. Соның нәтижесінде пандемия кезінде жабылып қалған бірқатар бағыттар қайта ашылып, тұрғындардың сұранысы біршама өтелді.

Бүгінде Қызылорда қаласында қоғамдық көліктердің 34 бағыты бар. Соның 12-сі жаңа автобустармен қамтылған. Мамандар алдағы уақытта бұл көрсеткішті 80% дейін жақсартуды көздеп отыр. Ол үшін келесі айдан бастап қалаға тағы жаңа автобустар келе бастайды.

Автобус паркінің директоры Мақсат Жүсіптің айтуынша, ақпан айында 50 автобус келеді деп күтілуде. Бұдан бөлек биыл мамыр, шілде айларында тағы да үстіне 150 үлкен сыйымдылықтағы автобустар келеді деп жоспарлануда. Оның да қазіргі таңда ақшасы бөлініп, 1 млрд 434 млн теңге ақшасы бөлініп, қарастырылды.

Қоғамдық көліктер келгеннен кейін 31,12,16 бағыттарға жаңа автобустарды қою жоспарланып отыр. Жаңа автобустар электронды төлем жүйесімен қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу