Қызылорда қаласында жеке компания аумағында ескі дөңгелектер жанып, өрт аумағы шашамен 800 шаршы метрге жеткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"13 маусым күні сағат 11.12-де Қаратоғай көшесі, 43 мекенжайындағы ескі шиналарды кәдеге жарататын "Smart rubber" ЖШС аумағында өрт болды. 800 шаршы метр аумақта сол шиналар өртене бастаған. Жалынның таралуына жол берілген жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 45 адам 9 техникамен өртті сөндіруге кірісіп кетті. Сондай-ақ, Апаттар медицинасы орталығы филиалынан 4 адам 1 техникамен келді", - делінген Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.