"Қызылорда көш бастап тұр": Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

88

Тұрғын үй бағасының қымбаттығы бойынша Астана – екінші орында. Ал Шымкент – үшінші орында.

"Қызылорда көш бастап тұр": Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады Фото: old.kzvesti.kz

2024 жылдың қарашасында Қазақстанның төрт қаласында тұрғын үй құны еліміздің басқа елді мекендеріне қарағанда арзанырақ болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, бұл тізімде Қызылорда көш бастап тұр.

Сонымен қатар, бұл барлық форматтағы пәтерлерге қатысты, яғни бір бөлмелі пәтерлерден үш бөлмелі пәтерлерге дейін.

  • 1 бөлмелі – 7,5 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 12 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 16 миллион теңге.

Сондай-ақ, ең қолжетімді жылжымайтын мүліктер Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларына тиесілі.

"Бұл өңірлерде бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 9,5 миллионнан 10,5 миллионға дейін. Ал, екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 21 миллионнан 23 миллионға дейін барады", – делінген хабарламада.

Сарапшылардың пікірінше, елде әртүрлі бөлмелі пәтерлердің бағасы 13-тен 25 миллионға дейін өзгереді.

  • 1 бөлмелі – 13 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 19 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 25 млиллион теңге.

Ал, еліміздегі ең қымбат баспана Алматыға тиесілі. Онда бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 24 миллион теңге. Ал, екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 36 миллион және 44 миллион теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу