Қызылорда мемлекеттік университетінде Microsoft кеңсесі ашылады

520

Қызылорда мемлекеттік университетінде Microsoft кеңсесі ашылады

Бүгін Астана қаласында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев "Microsoft Қазақстан" ЖШС директоры Рональд Бинкофскимен кездеседі. Онда Қызылорда облысы әкімдігі Мicrosoft компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ынтымақтастық туралы келісім елбасының жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалады (онлайн қызметтер мен "Сандық Қазақстан" бағдарламасын дамыту) және білім беру саласында инженерлік компьютерлік технологияларды пайдалануды мектеп оқушыларына, студенттерге онлайн режимде оқыту мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының орта және жоғары оқу орындарының оқушылары арасында Microsoft компаниясының өнімдерін пайдалану жөнінде кибер-олимпиадалар өткізіп, ғылыми әдістемелік тәжірибелер жүргізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында "Microsoft академиясының" кеңсесін ашу жоспарланып отыр.

Екіжақты келісім Microsoft компаниясы сарапшыларының қолдауымен озық технологияларды меңгерген мамандарды дайындауға мүмкіндік бермек. Бұл аймақтағы оқу орындарының бәсекелестігін арттыруға септігін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу