Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары антисептик ойлап тапты

4210

Антисептик бактериалар мен вирустарды сол мезетте жоя алатын қасиетке ие.

Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары антисептик ойлап тапты

Қызылорда халқы отбасылық той-думандарын шектеп, коронавируске қарсы белсенді күрес шараларын бастап кетті. Атап айтсақ, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен маскалар тігу қолға алынса, жергілікті химик ғалымдар әсері жоғары антисептик ойлап тапты.

Күніне 500-ге жуық қорғаныш дәкесін тігуді қолға алған еріктілер, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға тегін таратып жатыр. Қайырымды жандар қатарында белгілі меценаттар, "Жаңғыру жолы" ЖҚ белсенділері, облыстық ҚХА мүшелері, "Қоғамдық келісім" КММ, "Бітім" медиация орталығының қызметкерлері бар.

Ал, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары вирустар мен бактерияларға қарсы құрамы күшті сұйықтық ойлап тауып, өнідіріске ұсынбақшы.

Антисептиктің артықшылығын химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрбол Аппазов айтып берді.

"Бұның ерекшелігі ұзақ уақыт бойы күшін жоймайды. Бүгінде шәкірттеріммен бірге университет зертханасында залалсыздандыру сұйықтығының күніне 20 литрін әзірлеп, дайындаудамыз. Антисептик бактериалар мен вирустарды сол мезетте жоя алатын қасиетке ие. Қол мен теріге қарсы ешқандай кері әсері жоқ", – деді Қорқыт ата атындағы ҚМУ химиялық зерттеу және технологиялар институтының директоры Нұрбол Аппазов.

Естеріңізде болса, жергілікті "Далатекс" компаниясы 8 қабатты дәке қорғаныш маскаларын шығарған болатын. Бүгінде өнеркәсіп 3 қабатты медициналық маскаларды да шығаруды қолға алды.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу