Қызылорда мен Қазалыда көпір қолданысқа беріледі

3531

Жыл соңына дейін Қызылорда облысында екі көпірдің құрылысы бітеді.

Қызылорда мен Қазалыда көпір қолданысқа беріледі

Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласында Сырдария үстінен салынынп жатқан көпір құрылыс аяқталуға жақын. Бекарыстан би – Әлсейіт көпірінің салынып жатқанына екі жылдың жүзі болды. Бұл көпір қолданысқа берілсе Қазалыға көрші жатқан Арал ауданының тұрғындары да байланыстың игілігін көрмек. Қалқыма көпірдің қиындығын көп көрген халық аудан орталығына жету үшін дария бойын жағалап, Басықарамен айналып жүруге мәжбүр болатын. Енді бұл қиындықтан құтылатын күн де жақын.

Екінші көпір облыс орталығынан Шіркейлі өзені арқылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жолына шығатын бағыттан түсіп отыр.

"Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы аясында 1390 шақырымдық жол мен 12 көпірдің құрылысы, оларды жөндеу жоспарланған. 27 жоба рес­публикалық, 76 жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Соңғы алты жылда 5 көпір салынды, 1 көпір қайта жаңғыртылып, 6 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді", – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов.

Аймақта ірілі-ұсақты 146 көпір бар. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынғандықтан, көбінің кетеуі кетіп тұр. Басқарма мамандары бұл нысандардың жағдайын техникалық сараптамадан өткізіп, қанша уақытқа шыдас беретінін анықтамақшы.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу