Қызылорда облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

1742

Қызылорда облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

Қызылорда облыстық сотында өңір соттарының 2017 жылғы 5 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Кеңес жұмысына жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыс прокуроры Халидолла Дәуешев, ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы Танат Жүнісов, ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов қатысты, деп хабарлайды e-kyzylorda.gov.kz.  
Кеңес жұмысын аша келе, А.Рахметулин облыстық соттың жаңа төрағасы қызметіне тағайындалған, осыған дейін жоғарғы соттың судьясы болып жұмыс істеген Нұрышев Қамбар Жұмабайұлын таныстырды.
Осы облыстық соттың төрағасы қызметін атқарған Нұрлан Қайырбеков 5 жылдық жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты басқа қызметке ауысты.  
А.Рахметулин Н.Қайырбековке атқарған кәсіби жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңадан тағайындалған соттар төрағалары мен алқа төрағаларын таныстырды: бұған дейін Атырау облыстық сотының алқа төрағасы қызметін атқарған Әділхади Шығамбаев – облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы, Шиелі аудандық сотының төрағасы болған Мұхтар Еркінбеков – Қызылорда қалалық сотының төрағасы, Қармақшы аудандық сотының төрағасы болған Қанатбек Абдоллаев – мамандандырылған ауданарлық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың төрағасы болып тағайындалды. А.Рахметулин аталған кадрлық өзгерістер облыстық және аудандық соттар төрағаларының құзырет мерзімдерінің аяқталуымен байланысты екендігін атап өтті.
Кеңестің екінші бөлігінде облыс соттарының 2017 жылғы 5 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы шығарылды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет пен облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының бұрынғы төрағасы Қайрат Адранов баяндама жасады. Судьялық әдеп жөніндегі комиссияның қызметі туралы оның төрағасы, судья Айбек Әбу сөз сөйледі.
Кеңес жұмыс қорытындылай келе, А.Рахметулин үш сатылы сот жүйесі жағдайындағы ұлт Жоспарын іске асыру қорытындысы бойынша соттар жұмысының нәтижелері туралы айтты. Сот төрелігі тұрғындар үшін неғұрлым ашық әрі қолжетімді бола түсті, дауды шешудің баламалы тәсілдері мен медиация арқылы қаралатын істер қатары артты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу