Қызылорда облысы 10 айда ЕАЭО-ға 16334,7 мың доллардың тауарын экспорттады

955

Қызылорда облысы 10 айда ЕАЭО-ға 16334,7 мың доллардың тауарын экспорттады

Алдын ала деректер бойынша 2016 жылдың қаңтар-қазанында Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 38969,1 мың АҚШ долларын құрады, немесе 2015 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 44,7%-ға азайды, оның ішінде экспорт 16334,7 мың АҚШ доллар (36,5%-ға аз), импорт – 22634,4 мың АҚШ доллары (49,4%-ға аз), деп хабарлады облыстың статистика департаментіне сілтеме жасаған strategy2050.kz.

Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (тұз – 50,1% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне, табиғи құмдар – 6,2%, шикiлерден басқа, мұнай және битуминозды жыныстардан алынған  мұнай өнiмдерi – 3,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері -14,2%, малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар (күріш – 22,1%, жас немесе мұздатылған балық 2,3%), пластмассадан жасалған құбырлар – 1,7% құрады.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 37,5%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,9%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (6,8%), мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар (14,1%), тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары (12,2 %), минералды өнімдер (1,5%), ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары (6,6%) әкелінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу