Қызылорда облысы 34 млн доллардың өнімін экспортқа шығарған

888

Бір жылда өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 6,4%-ға артқан. 

Қызылорда облысы 34 млн доллардың өнімін экспортқа шығарған

2020 жылы Қызылорда облысы 34,4 миллион доллардың ауыл шаруашылығы өнімін экспортқа шығарған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен жылы шетелге 34,4 миллион доллар болатын 103,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды: күріш, балық, бидай қалдығы, бидай ұны, сабан, мақсары майы, қауын және қарбыз өнімдері", – деп жазылды хабарламада.

Күріштің басым бөлігі Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзербайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Түркменстан және Иракқа жіберілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу