Қызылорда облысы әкімінің гранты бөлінді

3124

Қызылорда облысы әкімінің гранты бөлінді

2017 жылға Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде аймақтың әлеуметтік–экономикалық дамуын айқындайтын өңірге қажетті мамандықтар бойынша (еңбек ресурстар балансына сәйкес) әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге  білім беру қызметіне ақы төлеу үшін Қызылорда облысы әкімінің гранты бөлінді, деп хабарлайды e-kyzylorda.gov.kz.
Оның ішінде педагогикалық, техникалық, ауылшаруашылығы, экономика және бизнес, қызмет көрсету, энергетика салалары бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде мамандарды дайындауға 162 грант, ҚР медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентура медицина кадрларын (гастроэнтеролог, офтальмолог, невропатолог, лор, неонатолог, эндокринолог, анестизиолог-реаниматолог, кардиолог, нефролог, окулист, ревматолог, лучевая диагностика) даярлауға 20 грант бөлінді.
Үміткерлерден құжаттарды қабылдау үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы жүргізіледі және осы бөлімдер арқылы облыс әкімінің гранты бойынша қажетті ақпаратты алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу