Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

626

Бұл қызметке Мейрамбек Зинабдинұлы тағайындалды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды Фото: gov.kz

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және облыс әкімінің өкімімен Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мейрамбек Шермағанбет 1972 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Тарих", "Экономика", Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы № 239 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1995-2004 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, аппарат басшысы лауазымдарында еңбек етті.

2004-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім беру, тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларының басшысы, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы жауапты қызметтерін абыроймен атқарған. 2016-2021 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

2022 жылдың шілде айынан осы кезге дейін Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу