Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордада өткен брифингте өңірде экспортқа шығатын тауарлар көбейгенін айтады. Оның сөзінше биыл алғаш рет Ресейге мұздатылған көкөніс пен қызанақ экспортталған.
"Ал Германияға 420 тонна қамыс жіберу жолға қойылды. Қазір облыс әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрін экспорттауда. Пандемия5а қарамастан сыртқы нарыққа арнап өнім өндіру көлемі 12%-ға артты. Оның 98%-ын қайта өңделген өнімдер құрап отыр", - деді облыс басшысы.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу