Қызылорда облысы бойынша 4 қала, 6 аудан орталығы және 19 елді мекен табиғи газға қосылған

349

Бұл барлық елді мекендердің тек 11,3 пайызын құрайды. 

Қызылорда облысы бойынша 4 қала, 6 аудан орталығы және 19 елді мекен табиғи газға қосылған Фото: tirshilik-tynysy.kz

Облыс аумағындағы табиғи газға қосылмаған елді мекен тұрғындары тарапынан газдандыру мәселесі жиі көтерілуде. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Депутаты Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.

Атап айтқанда, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тек аудан орталығы – Жосалы кенті ғана газдандырылған.

Қызылорда облысының әкімдігі тарапынан Қармақшы ауданы
Дүр Оңғар елді мекенін газдандыру жобасының жоба-сметалық құжаттамасы 2022 жылы әзірленіп, мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынған.

Дүр Оңғар ауылын газдандыру жобасын жүзеге асыру жағдайында  болашақта Қармақшы ауданының 9 ауылдық елді мекенін газдандыруға мүмкіндік пайда болады, себебі елді мекендердің табиғи газға қосылу нүктесі осы жобада қарастырылған.

"Жобаның жалпы құны 7,1 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде: республикалық бюджет - 6,4 млрд. теңге, облыстық бюджет – 710 млн.теңге.

Жобаны жүзеге асыруға ҚР Энергетика министрлігіне 2024 жылға республикалық бюджеттен 750 млн.теңге бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылғанымен, қолдау таппады", - деді депутат.

Депутат жоба аясында Әлихан Смайыловқа қосымша 9 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік пайда болатынын ескере келе, Дүр Оңғар елді мекенін газдандыру жобасын бастауға 2024 жылғы республикалық бюджеттің бірінші нақтылауына 1 млрд. теңге қаржы бөлуге ықпал етуге депутаттық сауал жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу