Қызылорда облысы бюджетінің 64%-ы әлеуметтік салаға бағытталған

Өңір бюджеті 53% артты.

Қызылорда облысы бюджетінің 64%-ы әлеуметтік салаға бағытталған Фото: ortcom.kz

Қызылорда облысы бюджеті 593 млрд теңгеге жетті. Бұл 2022 жылғы бюджет көлемімен салыстырғанда (387,3 млрд теңге) 205 млрд 700 млн теңгеге, яғни 53% жоғары. 

Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бюджетіміздің 64% (378,6 млрд теңге) әлеуметтік салаға бағытталған", – деп қосты өңір басшысы. 

2023 жылдың 4 айында облыста әлеуметтік-экономикалық дамудың  оң динамикасына қол жеткізілген.

"Ауыл шаруашылығының өнімі – 1,6%, өңдеу өнеркәсібінің  көлемі – 1,9%, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 2,4%, сауда көлемі – 2,5%, инвестициялар тарту – 42,1% және құрылыс жұмыстарының көлемі – 44%-ға артты", – деді аймақ басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу