ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша өңірдің Экономика және қаржы басқармасының басшысы лауазымына Қамбарбек Мүбараков тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қамбарбек Мүбараков 1973 жылы туған.
Қызылорда политехникалық институтын "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы экономика және менеджмент", Қызылорда гуманитарлық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы слесарь болып бастаған.
1997 жылдан 2009 жылға дейін салық органдарында әртүрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2009-2018 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы.
2019-2022 жылдары Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Шиелі ауданының әкімі, Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының төрағасы қызметтерін атқарды.
2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарды.