Қызылорда облысы қарасора егуден көш бастап тұр

1038

Ел ішіндегі есірткі айналымы ондаған тоннаға жеткен. Биылғы "Қарасора" операциясы осындай былықтың бетін ашыпты.

Қызылорда облысы қарасора егуден көш бастап тұр

"Маусым мен қазан арасында өтетін "Қарасора" ауқымды операциясы аяқталды. Қорытындыласақ, 830 қылмыстың беті ашылды. Оның ішінде 383-сі есірткі сатумен, 162-сі есірткіні заңсыз сақтаумен, 233-і қарасора егумен байланысты. Операция барысында 3 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Олардың үстінен 8 қылмыстық іс қозғалды. Осы топтардың 2 серкесі мен 16 мүшесі жауапқа тартылып жатыр. Заңсыз айналымнан 21 тоннадан астам түрлі есірткілік заттар тәркіленді. Соның ішінде 5,5 тонна марихуана, 300 келіге жуық гашиш, 60 келіден астам синтетикалық есірткі, 250 грамм героин болған. 62 қарасора алқабы жойылды. Олардың иелері Түркістан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында қарасора егіп келген. Олардан салмағы 23 тоннадан асатын  53 мың түп қарасора тәркіленді. Қарасора егуден Қызылорда облысы алдына жан салмай тұр. Мұнда 48 алқапты анықтап, 14 тонна есірткі құрамды өсімдік тәркіледік. Қарасораны заңсыз еккендерге қарсы 14 қылмыстық іс, аса ірі көлемде есірткі сатқандарға қарсы 3 қылмыстық іс қозғалды. 11 күдікті қамауда", – дейді ІІМ-нің Есірткіге қарсы күрес департаментінің бастығы Тілеген Маткенов. 

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу