Қызылорда облысы Қытайға 80 тонна балық өнімдерін экспорттады

1949

Сондай-ақ Польша, Голландия, Германия, Литва, Грузия, Украина мен Ресейге де жөнелтілді.

Қызылорда облысы Қытайға 80 тонна балық өнімдерін экспорттады

2018 жылы Қызылорда өңірінде балық аулау көлемі 8 мың тоннадан асты. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында берген есебінде айтты.

Былтыр балық аулаудың жылдық көлемі 8186 тоннаны құрапты.

"Ауланған балықтың басым бөлігі аймақтың 8 өңдеу зауытында өңделуде. Аталған зауыттардың жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асады. Оған қоса, өз өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне экспорттауға мүмкіндік беретін "Еврокод" есептік нөмірі төрт кәсіпорында бар. 2018 жылы Польша, Голландия, Германия, Литва, Грузия, Украина, Ресей және Қытайға 3802,8 тонна балық өнімдері экспортталды", – деді әкім.

Айта кету керек, Қызылорда облысы өткен жылы алғаш рет Қытайға 80 тонна балық өнімдерін экспорттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу