Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді

859

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен Ғалым Тұрсынбаев агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына тағайындалды.

Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы келді

Ғалым Сұлтанұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ Химия-технология институтын "инженер-құрылысшы - технолог" мамандығы бойынша, ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқарудың ұлттық жоғарғы мектебiн "мемлекеттiк басқару" мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiн "заңгер" мамандығы бойынша бiтiрген.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі – 26 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері агенттігі саласында – 18 жылға жуық.

Ғалым Тұрсынбаев осы кезге дейін агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының қызметін атқарған.

"Құрмет" орденінің иегері, бірқатар мерекелік медальдармен және төсбелгілерімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу