Қызылорда облысы мен Алматы, Шымкент қалалары көш соңында келе жатыр

1163

235 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

Қызылорда облысы мен Алматы, Шымкент қалалары көш соңында келе жатыр

Үкімет басшысы Асқар Маминнің мәлімдеуінше, халықтың жұмыспен қамту маңызды мәселе. 

"Жұмыспен қамту" жол картасы аясында 6,5 мыңнан аса инфрақұрылымдық жоба көзделген. Олар әлеуметтік нысандарда инженерлік-көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық нысандарын жөндеу мен салуға, елдімекендерді абаттандыруға, суару және иррегациялық жүйелерді қалпына келтіруге бағытталған. Осының арқасында 255 мың жұмыс орны құрылады. Жұмыспен қамту және халықтың экономикалық белсенділігін сақтаумен қатар инфрақұрылымды жақсарту ел экономикасына оң серпін береді", – деді премьер-министр.

Оның сөзінше, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында жобаларды жүзеге асыру қарқыны күшті. Ал Қызылорда облысы, Алматы және Шымкент қалалары артта қалып келе жатыр.

"Жұмысты күшейту керек. Жалпы, барлық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 1 млн 220 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 235 мың тұрақты жұмыс орны құрылады", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу