Қызылорда облысы Ресейге 2 мың тонна қауын-қарбыз экспорттайды

1081

Қызылорда облысы Ресейге 2 мың тонна қауын-қарбыз экспорттайды

Қызылорда облысы шаруашылықтарды кооперативтендіру тұрғысында өткен жылы біршама жұмыстар атқарды. Нақтыласақ, 133 кооператив құрылған, оның 18-і 300-ден астам шаруаның басын біріктіріп отыр. Осы жылы 16 кооператив құру жоспарлануда, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА.

Ақжолтай жаңалықтардың бірі Сырда өсірілген күріштің ирандық "Таромо-хошеми" сорты ойдағыдай өнім берді. Бүгінде осы сорт өнімін Иранға экспортқа шығаруға жұмыстар жасалу үстінде.

Қармақшыдағы "Ақтөбе и К" ЖШС егістігінде жайқалып өскен дақылды биыл 100 гектар жерге отырғызу көзделіп отыр. Жоспарға сәйкес, алынған дәннің алдымен 60 тоннасы экспортқа жіберіледі. Негізгі мақсат - 2020 жылға қарай бұл сортты егу көлемін 8000 гектарға жеткізу. Сондай-ақ, бүгінгі күні Сыр қауынына сұраныс артып келеді. Әсіресе, ресейліктер өңірде тамырлаған қауын-қарбызды аттай қалап отыр. "Осы жылы көрші елге 2000 тоннасын экспорттаймыз", – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Өмірхан Пашкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу