Қызылорда облысы Ресейге ет экспорттайды

1038

Қызылорда облысы Ресейге ет экспорттайды

Аймақ ауылшаруашылығындағы басым міндеттің бірі ет экспортын жолға қою. Облыс шаруашылықтары арасында қазір осы бағытта жүйелі жұмыс атқарылып келеді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше бүгінде аймақта ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің өз қаржыларына салынған 18 мал бордақылау алаңы жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, 2015-2016 жылдары 6 мың бас мал бордақыланатын алаңдар жаңадан  қосылды. Осыдан 2 жылдай бұрын қолға алынған бастама аясында қазір Қазалы ауданы "Сыр маржаны" серіктестігінің  мал бордақылау алаңында 250 бас МІҚ малы бағылуда. Бүгінгі күні мұнда сиыр етін экспортқа шығару мақсатында Ресейдің Астрахань облысымен келісімдер жүргізіліп жатыр.

Сырдария ауданындағы "Шаған Жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де 3000 бас мүйізді ірі қара малын бордақылауға арналған алаңының құрылысын аяқталды. Қазір серіктестік басшылығы бордақыға қоятын МІҚ малдарын алу бағытында жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу