Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

1622

Өңірді 2013 жылдан бері басқарып келген Қырымбек Көшербаев енді ҚР Президенті әкімшілігін басқарады.

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды Фото: primeminister.kz

Қызылорда облысының әкімі қызметіне Қуанышбек Ысқақов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын",– делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтің Жарлығында.

Айта кетсек, бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ал бұл қызметтегі Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласына әкім болып кетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу