Қызылорда облысына жаңа прокурор тағайындалды

408

Жаңа тағайындау.

Қызылорда облысына жаңа прокурор тағайындалды Фото: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Кәрімұлы Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ризабек Ожаров 1972 жылы дүниеге келген.

1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған.

2017-2019 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен наградталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу