Қызылорда облысынан елуге жуық түйе керуені Біріккен Араб Әмірліктеріне жөнелтілді, деп хабарлайды astanatv.kz.
Жергілікті түйешілер шетелдіктермен жасалған алғашқы саудасына риза. Бура мен алты жасар нарлар 600 мың тенгеге саудалаған.
Жергілікті түйеші Есет Серімов шетелдіктер қыркүйекте келіп, бірнеше бас түйе сатып алғандарын жеткізді. Айтуынша, Өзбекстаннан да сұраныс көп. Көрші ел Қызылордадан 500 бас түйе сатып алмақшы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу