Қызылорда облысынан тас қобыз табылды

1137

Қызылорда облысынан тас қобыз табылды

Сыр өңірінде Қорқыт кесенесі маңынан тастан жасалған қобыз мүсіні табылды. Археологтардың болжамы бойынша бұл жәдігер оғыз дәуіріне тиесілі екен, деп хабарлайды khabar.kz.

Ал Сортөбе қаласы 9-10 ғасырларда болған. Портты қала ретінде тіршілігі қызған шаһар. Қазір ежелгі мекеннің 60 пайыз бөлігін су шайып кеткен. Құнды жәдігерді археологтар Сортөбе қалашығының үшінші қабатын  қазу кезінде  тапты. Қобыздың көлемі – 40 сантиметр. Зерттеушілердің айтуынша, тас мүсін құмшауыт тастан қашалып, моншақтармен әрленген. Ғалымдар егер  қала толық аршылса, Қорқыт бабаға қатысты жаңа деректердің шығуы мүмкін екенін айтты.

Сырдарияның негізгі арнасы қаланы салған кезде Сортөбеден алыстау болған. Ал қазір су шайған қаланың ұзын қимасы мен бір бұрышы ғана қалды. Енді тек көне шаһарды зерттеу жұмыстарын жүйелі қолға алып, жәдігерлерін мұражайға тапсыру керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу