Қызылорда облысында 1 тонна балық қырылып қалды

1240

Оларға оттегі жетіспеуі мүмкін.  

Қызылорда облысында 1 тонна балық қырылып қалды

Қызылорда облысында инпесторлар шамамен 1 тонна балықтың қырылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап. 

Ведомство дерегінше, биыл 19 ақпанда Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы құзыретті органдармен бірлесіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген.

"Сағынбай каналында бірнеше тесік бұрғыланды, онда өлі жас балықтар табылды (раушан, табан, ақбалық). Жалпы 975,2 келі балық жиналды", - деп жазылған хабарламада. 

Балық шаруашылығы комитеті ең кішкентай балық 4,5 см, ең үлкені 10 см екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу