Қызылорда облысында 14 жыл бұрынғы жасөспірім өліміне қатысты қылмыс ашылды

332

2012 жылы болған топтық төбелеске қатысқан күдікті кінәсін мойындады.  

Қызылорда облысында 14 жыл бұрынғы жасөспірім өліміне қатысты қылмыс ашылды Фото: Qaz365.kz

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысында 2012 жылы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстың ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға 2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болған. Топтық төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілгенімен, көз жұмған.

Оқиғадан кейін төбелеске қатысқандар анықталғанымен, дәлелдер мен куәгерлердің жетіспеуінен қылмыс ұзақ уақыт ашылмай келген.

ІІМ мәліметінше, биыл тергеу-жедел тобының жұмысы барысында басты куәгер анықталып, күдіктіге шыққан. Ол басқа ауыр қылмыс үшін жазасын өтеп жатқан азамат болып шықты. Жиналған дәлелдердің негізінде күдікті кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта ол қамауда отыр. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу