Қызылорда облысында 146 елдімекен аумағы өзгертіледі

1042

Пайдаланылмай жатқан 136 мың гектар жер анықталып, 24 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды.   

Қызылорда облысында 146 елдімекен аумағы өзгертіледі

Қызылорда облысында даму потенциалы жоғары 146 елді мекеннің шекарасы өзгертіліп, қайта бекітілу үстінде. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Тұрғындардың жер теліміне және жеке мал жаюға қосымша жайылымдарға деген сұранысын қанағаттандыру үшін ауылдардың аумағы үлкейтіліп жатыр. Жалпы жер реформасына сәйкес шабындық, жайылымдық және егіс алқаптары толық түгендеуден өткізілді. Нәтижесінде әділет органдарындағы құқықтық базадағы көрсеткіштермен салыстырғанда, біраз айырмашылықтар анықталған. Қазір оның 70-80 пайызы ретке келтірілді. Пайдаланылмай жатқан 136 мың гектар жер анықталып, 24 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Тиісті шаралардан кейін қалған аумақтардың меншік иелері қайта пайдалануға кіріскен. Енді биыл өнеркәсіп және ерекше қорғалатын аумақтарға түгендеу жұмыстары жүргізіледі. Келер жылы орман, су қорына тиесілі телімдердің нақты өлшемдері жасалады. Жүйелі тексеріс нәтижесінде соңғы 4 жылда 400 мың гектар жер агроайналымға енгізілді. Оның 20 мың гектары егістікке берілген. Ағымдағы жылы тағы 80 мың гектар жер әлеуеті жоғары ауылдардың шаруаларына аукцион арқылы үлестіріледі.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу