Қызылорда облысында қойшы ауылда 20 жастағы әйелдің дене жарақатымен мәйіті табылды. Полицейлер оған күдікті ретінде танылған 25 жастағы күйеуін ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желіде 21 шілдеде Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай елді мекеніндегі қойшы ауылда 20 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны жөнінде хабарланды. Оның денесінен түрлі жарақат анықталған.
Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
"Бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды", - деп мәлім етті департаменттен.