Қызылорда облысында 2000-нан астам тұрғынды ауыз сумен қамтитын жаңа жүйе іске қосылды

359

Су жүйесі мемлекетке қайтарылған активтер арқылы салынды.  

Қызылорда облысында 2000-нан астам тұрғынды ауыз сумен қамтитын жаңа жүйе іске қосылды Фото: Бейнероликтен

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Абай ауылында жаңа ауыз су жүйесінің салтанатты түрде іске қосылу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік маңызы бар нысан прокуратура органдарының бастамасымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған.

Ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аудан прокуроры Дарын Әбіш және қоғам өкілдері қатысты.

Жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде 2000-нан астам ауыл тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз су мәселесінде бірқатар қиындықтарға тап болып келген. Жаңа су жүйесінің іске қосылуы халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына серпін берді.

Ауыз су нысанының пайдалануға берілуі мемлекетке қайтарылған активтердің халық игілігіне бағытталып жатқанын және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесін көрсетеді.

Өңірдегі әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы мен пайдалануға берілуі прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу