Қызылорда облысында 24 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

1339

Бүгінгі тіркелген науқастардың екеуі – Қармақшыдан шықса, екеуі Жаңақорғанда, біреуі – Шиелі ауданында анықталды. 

Қызылорда облысында 24 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған тағы 6 адам тіркелді. Қазір аймақта оны жұқтырған барлығы 24 адам бар. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов өңірлік коммункикациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Соңғы есеп бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар 24 адамды құрайды. Бүгінгі тіркелген науқастардың екеуі – Қармақшыдан шықса, екеуі Жаңақорғанда, біреуі – Шиелі ауданында анықталды. Сондай-ақ, бір адам облыс орталығынан тіркелді. Қармақшыдағы бір науқас Алматы қаласынан келгені белгілі болып отыр. Екінші науқастың қайдан жұқтырғаны зерттелуде. Ал Жаңақорған ауданындағы екі адам да инфекцияны бұрын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандар. Шиелі ауданындағы науқастың да жағдайы соған ұқсас, бұрын ауырған науқаспен тығыз байланыста болған. Ал, Қызылорда қаласында анықталған адам облыста ең бірінші анықталған науқаспен қарым-қатынаста, тығыз байланыста болған", – деді Жақсылық Абдусаметов.

Басқарма басшысы облыс тұрғындарының сақтық шараларына баса назар аудару қажеттгін айтады. Өйткені, соңғы тіркелген науқастар бұрын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғандар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу