Қызылорда облысында 25 оқушы астан уланды

880

Қызылорда облысында 25 оқушы астан уланды

Жаңақорған ауданы Келінтөбе елді мекеніндегі №192 орта мектеп асханасынан тамақтанған балалар 2-3 сағаттан соң ауылдық дәрігерлік амбулаторияға жүгінген. Эпидемиологиялық тексеріс барысында жаппай уланудың қарақұмық пен жұмыртқа пайдаланғаннан болғаны анықталды, деп хабарлайды 24.kz.

Оқушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Орталық аудандық ауруханаға 4 бала жеткізілді. Қалған 21 оқушының жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі таңда ауру ошағынан сынамалар алынып, азық-түліктер тексерілу үстінде. 

"Қазіргі таңда балалар жағдайы орташа. Түскеннен бастап іш өтуі, құсқаны болған жоқ. Барлық зерттеулер алынып, жұмыс барысында 21-22 мамырда, толық эпидемиологиялық зерттеулер мен анализдер дайын болған соң нақты диагноз қойылады", - дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу