Қызылорда облысында 3 млн теңгеге жуық ақшаны жымқырған есепші сотталды

243

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қызылорда облысында 3 млн теңгеге жуық ақшаны жымқырған есепші сотталды Фото: newtimes.kz

Қызылорда облысы Арал ауданының прокуратурасымен "Бөген" ауылдық  клубы коммуналдық қазыналық кәсіпорнына тексеру жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру қорытындысымен клуб есепшісі 2,7 млн астам өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызмет бабын пайдалана отырып иемденіп алу арқылы жымқырғаны анықталды.

Аталған дерек аудандық прокуратурамен СДТБТ-не ҚК-тің 189-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен тіркеліп, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Арал аудандық сотының 27.05.2024ж. үкімімен кінәлі тұлғаға 3 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу