Олардың айтуынша, шаруашылық инвесторы "Абай-Дәулет" серіктестігі тұрғындардың келісімінсіз жерді өз меншігіне алған. Тұрғындар заңды пай үлестерін иеліктеріне алмай жүр. Ал шаруашылық басшысы болған жағдайға орай ауыл халқымен кездесіп, мән-жайды түсіндірмеген.
Айта кетейік, 425 отбасының жер учаскелері "Достық-Жер МК" ЖШС меншігінде болатын. Аталған отбасы сол серіктестіктің құрылтайшысы боп келген. Алайда өткен жылы күріш шаруашылығының басшысы қайтыс болғаннан кейін инвестор халықтың акцияларын сырттарынан иеленіп алған.
Бүгінге дейін іргесі сөгілмеген, бірлігі бекем ауыл қазір екіге бөлінді. Шаруашылық жұмыскерлері "Абай-Дәулет" серіктестігінің ұстанымдарын қолдаса, қалған 425 отбасы компания басшысының заңсыз әрекеттеріне наразы.