Биыл Қызылорда облысындағы 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, осылайша жоспардың 71,1%-ы орындалды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы 70 мың гектар жерді қайтару көзделіп, жыл соңында 77,5 мың гектар жер алынды. 2022-2024 жылдары қайтарылған 460,2 мың гектар жердің 93,6 мың гектары қайтадан айналымға енді.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, Қызылорда облысының жер көлемі – 24,1 млн гектар. Оның 2,9 млн гектары ауыл шаруашылығына арналған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу