Қызылорда облысында 47 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

1394

Қызылорда облысында 47 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 9 айлық жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Басқарма мамандарының мәліметінше биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында облыста 47 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Олар негізінен "Бәйтерек Девелопмент" АҚ мен "Самұрық Қазына" АҚ желісі арқылы салынуда.  

Сондай-ақ, ҚР ұлттық қордан Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі №2 кварталындағы 160 және 50 пәтерлі екі жалдамалы үй құрылысына 1 562,5 млн теңге бөлінді.

Қазіргі күні, аталған тұрғын үйлердің құрылысына мердігерлермен келісім-шарттар жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу