Қызылорда облысында 500 мың тоннадан астам күріш жиналды

2472

Соңғы 5 жылда күріш жармасының өндірісі 39 пайызға артқан.

Қызылорда облысында 500 мың тоннадан астам күріш жиналды

Биыл Қызылорда облысында 87,3 мың гектарға күріш егілді, ақ дәнні орташа өнімділігі гектарына 54,5 центнерді құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғары өнімді сорттарды пайдалану есебінен соңғы 5 жылда күріш жармасының өндірісі 39 пайызға артқан. Осы жылдары күріштің жалпы түсімі 2 есеге артты.

Жалағаш ауданында элеватор базасындағы "Байқоңыр" агрохолдингін құру аймақта күріш кластерін дамытуға ықпал етті.

Айта кетейік, Ы.Жақаев атындағы күріш өндіру ғылыми-зерттеу институты Бүкілресейлік күріш институтымен бірлесіп  Қызылорда облысы үшін арнайы сорттарды шығарып келеді.

2017 жылы облыстағы күріш шаруашылықтарында Иранда сұранысқа ие "Торем Хошеми" сорты өсіріле бастады. Осыған орай, қармақшылық "Ақтөбе және К" ЖШС осы сортты 70 гектар жерге екті, ал Қазалының "Сыр маржаны" шаруашылығы сынақтан өткізу үшін 1 гектар аумаққа еккен еді.

Атап өту керек, 2020 жылға қарай облыста Иран күрішінің егістік алқабы 5 мың гектарға дейін ұлғайтылады, сонымен қатар, өңделген күріш экспортының көлемін 8 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Сыр өңірінің күріші Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Моңғолия, Ауғанстан және т. б. елдерге экспортталатын болады.

Қызылордада  егін жинау науқанының аяқталуына орай ұйымдастырылған "Алтын дән" мерекесі аясында  ауылшаруашылығы жәрмеңкелері, мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ аймақтағы ауылшаруашылық саласының ардагерлері мен үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу