Қызылорда облысында 578 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жобаның мәселесі шешілді

5201

Уәкілетті органның тексеруді Кәсіпкерлік кодексін бұза отырып жүргізгені анықталды.

Қызылорда облысында 578 млрд теңгені құрайтын 5 инвестициялық жобаның мәселесі шешілді Фото: inbusiness.kz

Қызылордада облыс прокуроры Р.К.Ожаровтың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өңірдегі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отырыста инвестиция тарту мәселелері, проблемалық аспектілер, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан "Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі" жобасының мәселелері қаралды. 

Енді мемлекеттік органдар инвесторларға қатысты қабылдаған шешімдер мен шектеу шараларын прокурорлар келіседі. 

Қызылорда облысының прокуратурасының мәліметінше, бүгінгі таңда прокурорлар қабылдаған шаралар бойынша жалпы құны 578 млрд теңгені құрайтын 5 жоба бойынша проблемалық мәселелер жойылды.

Мәселен, Жаңақорған ауданында құны 23,5 млрд теңге болатын "Томат пастасын өндіру" жобасы бойынша инвесторды оған жер телімін беру кезінде 536 мың теңге көлемінде ауыл шаруашылығы шығынын төлеуге негізсіз міндеттеді.

Дәл осы ауданда құны 323,6 млрд теңгені құрайтын "Шалқия" полиметалл кендері кен орны базасындағы тау-кен байыту комбинаты" жобасы бойынша жер пайдалану құқығы берілген кезде ауыл шаруашылығы шығындарының көлемі инвестормен келісілмеген және әкімдіктің қаулысымен бекітілмеген.

Қадағалау актісі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдері жер заңнамасына сәйкестендіріліп, лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қаражатты қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Басқа жағдайда, құны 1,2 млрд теңге болатын "Қызылорда қаласында 4 мың тонналық көкөніс қоймасын салу" жобасы бойынша "Aray Food" ЖШС несие қаражатын алуда қиындықтарға тап болды. Жер ресурстарын басқару департаменті болжамды кепіл мүлкіне ("Жан-Арай" ЖШС-не тиесілі жер учаскесі) ауыртпалық түсірді.

Уәкілетті органның тексеруді Кәсіпкерлік кодексін бұза отырып жүргізгені анықталды.

Енгізілген ұсынудан кейін тексеру актісі мен нұсқаманың күші жойылды, ауыртпалықтар алынып тасталды, лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы бүгінгі таңда 14,8 млрд теңгеге 15 инвестициялық жоба (сүт, фри картоп, нан-тоқаш өнімдері, құс еті өндірісі, алма өсіру, күріш тазарту және т.б.) іске қосылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу