Тәртіп сақшылары кезекшілік кезінде күдікті көлікті байқап, жедел әрекет етудің арқасында ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында көліктің баланың әкесіне тиесілі екені анықталды. Тәртіп бұзушылық бойынша кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты екі бірдей әкімшілік хаттама толтырылды: Ата-ананың бала тәрбиесі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін және кәмелетке толмаған баланың түн мезгілінде заңды өкілдерінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүргені үшін.
Жинақталған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен ата-ана жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері ата-ана мен балаға қатысты арнайы профилактикалық жұмыстар жүргізді.