Қызылорда облысында 65 елдімекен дербес бюджетпен жұмыс жасауда

1007

Қызылорда облысында 65 елдімекен дербес бюджетпен жұмыс жасауда

Кент, ауылдар дербес бюджетпен жұмыс жасауда. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы Әуезбек Дүйсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы, облыста аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтердің саны – 146. Бірінші кезең бойынша тұрғындары 2000 адамнан асатын 65 елдімекен IVдеңгейдегі  бюджетке  еніп,  дербес жұмыс жүргізуде. Қалған 81-іне екінші кезең бойынша 2020 жылы енгізіледі.

"Бұл әрбір ауылдық жерлерге еркіндік беру, өз бюджетін игеру, кіріс кіргізіп, оны өздері есептеп жұмсауға мүмкіндік беру", - дейді қазынашылық департаментінің басшысы Әуезбек Дүйсенбаев.

Соңғы 2 жылда ауыл әкімдері арнайы оқытылып, дайындық жұмыстары жүргізілді. Жыл басында жүйелі жұмыс кедергісіз басталды. Сондай-ақ, бюджеттің IV деңгейін енгізуге жағдай жасау мақсатында әр айдың 1 және 15 күніне ауылдық, селолық округтардағы халық саны және компьютерлік техникамен жабдықталу, интернет жүйесіне қосылуы бойынша мәліметтер жинақталып, қазынашылық комитетіне жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу