Оқиға бір күн бұрын Арал ауданында, Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жерде орын алған. Үш адам судан өздері шықса, қалған төрт адамды (1985, 1981, 1994, 1973) іздеу жұмыстары кеш батқан соң тоқтатылған.
"9 желтоқсанда таңертең іздеу жұмыстары жалғасты. 7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы 25 см) қаза тапқандардың мәйіттері бар УАЗ автокөлігі табылды. Жедел құтқару жасағының күшімен қаза тапқандардың денесі шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Іздеу жұмыстарына 27 адам мен 7 техника жұмылдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу