Қызылорда облысында 700 гектардай егістік жер су астында қалды

759

Қызылорда облысында 700 гектардай егістік жер су астында қалды

Қызылорда облысында тасқынның алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Әкімдіктің дерегінше, алты шақырымдық қорғаныс бөгеті бұзылған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Өзен суы бөгетті 10 жерден жырып өткен. Осының салдарынан 700 гектардай егістік жер су астында қалды. Қазір Сырдария мұз құрсауында. Алайда, синоптиктер болжамы бойынша, алдағы демалыс күндері ауа-райы күрт жылынуы мүмкін. Жаңбыр жаууы да ықтимал.

"Сексендей адам, он Камаз, 2 экскаватор, 2 бульдозер техникалар жұмылдырылып, жұмыс жасауда.  Егер мұз кептелісі пайда болып, арнасынан су шығып кетіп жатқан жағдайда, біз мұз жару жұмыстарында жүргізетін боламыз", - дейді Қызылорда облыстық жұмылдыру басқармасы басшысы Серік Сермағанбетов . 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу