қаржысын жымқырғаны анықталды. Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алты заңбұзушылық дерек бір ғана Жаңақорған ауданында тіркеліп отыр. Жауаптылар мектепте мүлдем жұмыс істемейтін тұлғаларға еңбекақы аударып, құжат бойынша бұрмалап келген.
Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы №112 мектептің күзетшісіне бір айда 6 миллион теңге үстемақы төленген. Осындай сыбайлас жемқорлық деректерінен кейін облыстағы барлық білім ошақтарына жіті тексеру жүргізілмек.
"Тек бір ғана №51 орта мектеп бойынша ұрланған қаражат көлемі 117 миллион теңгені құрайды. Аталған құқық бұзушылықтар жауапты тұлғалармен еңбекақы қоры қаражаттарын төлеу барысында тиісті ақпаратты жүйелердің кемшіліктерін пайдалана отырып жасаған деген негіздер бар",- деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов.