Қызылорда облысында алаяқтық қылмыстардың 80% ашылған

1969

2019 жылдың 8 айында Қызылорда облысы бойынша 568 алаяқтық қылмыстары тіркелген.

Қызылорда облысында алаяқтық қылмыстардың 80% ашылған

 

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде облыс көлемінде алаяқтық қылмысының алдын алу шаралары, Қазақстан Республикасының құқықбұзушылық профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы және құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі  2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы мәселелері қаралды.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалхаров алаяқтық қылмыстардың алдын алу шаралары туралы баяндады.

"2019 жылдың 8 айында Қызылорда облысы бойынша 568 алаяқтық қылмыстары тіркелген. Полиция органдары қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 80 пайызы немесе 322 ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды. Ағымдағы жылдың 8 айында алаяқтық жасағаны үшін 195 адам ұсталып, 101 қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданса, 94 қатысты екі жақтың ымыраласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылған", - деді Серік Шалхаров.

Тіркелген алаяқтық қылмыстары:  қарызға ақша алып қайтармағандар - 61, несие алуға көмектесемін дегендер – 28, кезексіз жер алып беремін дегендер – 4, кезектен тыс пәтер алып беремін – 60, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп шотына ақша салдырғандар саны -139. Осы қылмыстарды жасаған күдіктілердің 133 – әйел, 62 – ер азаматтар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу