Қызылорда облысында арнайы экономикалық аймақ құрылды

109

2025 жылдың 13 мамырында Қызылорда облысында "Қорқыт Ата" арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру туралы Үкімет қаулысы қабылданды.  

Қызылорда облысында арнайы экономикалық аймақ құрылды Фото: Қызылорда облыстық әкімдігі

Бұл шешім Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген маңызды міндеттердің бірі – аэрохабтарды дамыту және әуежай, автокөлік жолдарының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қызылорда қаласындағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалының жанынан 550 гектар жерге "Қорқыт Ата" АЭА-сы салынады. Бұл бастама облыс экономикасын әртараптандырып, мұнай өндірісіне тәуелділікті азайтып, жаңа өндірістік бағыттарды дамытуға бағытталған стратегиялық шешім болып табылады.  АЭА құрылымы авиациялық қызмет көрсету, көтерме және бөлшек сауда, қоймалау және сақтау, сондай-ақ өнеркәсіптік аймақтарды қамтиды. Аталған аймақта құрылыс, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, көлік-логистика, технологиялар мен инновациялар салалары бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған", - делінген хабарламада. 

АЭА құрудың қажетті шарттарына сай, 28 түрлі экономикалық қызметті жүргізуге рұқсат берілді.

"Қорқыт Ата" АЭА-ның ашылуы Қызылорда облысына инвестиция тартуға, өндірістік қуаттылығын арттыруға және экспорттық әлеуетін көтеруге жаңа жолдар ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу